12.06.2026ж
Шомылу маусымдағы су айдындарындағы қауіпсіздік
Безопасность на водоемах в период купального сезона
08.12.2025ж
08.12.2025ж
Мектепке жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар кеңестер (ата-аналарға арналған)
01.04.2024ж.
Наурыз мерекесі қарсаңында, балабақшамыздағы кіші топтар арасында, «Ақ әже — 2024» дәстүрлі сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 4 бөлімнен тұрды:
1 Тегін білу тектілік (таныстыру);
2 Өнерлі өрге жүзер (өнер сайысы,ән би,қолөнер);
3 Білгенге маржан (Салт дәстүрге байланысты сұрақ -жауап);
4 Қазақтың ұлттық тағамы ( Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру).
Ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін біздер, сондықтанда құнды мұраларымызды насихаттап жүрейік.
https://www.instagram.com/reel/C5N164nLqUs/?igsh=MWc2cmFxbzRwbHMwMQ%3D%3D
19.03.2024ж.
Біздің балабақшамызда дүбірлі Наурыз мерекесі аталып өтті!
Наурыз — ежелден тойланып келе жатқан мереке. Қыстан аман-есен шыққан ел қуана-қуана көктем мерекесін тойлайды. Барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын деп тілектерін жаудырады. Наурыз мерекесі қарсаңында «Армысың, әз Наурыз!» атты ата-аналар арасында ауыл сайысы өтті. Ата-аналар жеті ауылға: «Бейімбет», «Жүсіпбек», «Кенен ата», «Тұрар», «Шәкен», «Ілияс» және «Сәкен» ауылдары болып бөлініп 4 түрлі тапсырма бойынша сайысқа түсті.
Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат — салт-дәстүр мен Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл — бала тәрбиесіндегі басты қағида.

02.02.2024ж.
«Мақал — сөздің азығы, жұмбақ — ойдың қазығы» атты дүбірлі сайыс өтті.
2024 жылдың 31 қаңтар күні, ата-аналар арасында «Мақал — сөздің азығы, жұмбақ — ойдың қазығы» атты дүбірлі сайыс өтті. Сайысқа балабақшамыздың 12 тобынан ата-аналары белсене қатысты. Ата-аналарды асық арқылы екі топқа бөлінді. Бірінші топ «Інжу-маржан», екінші топ «Көз моншақ».
Сайыс 7 бөлімнен тұрды:
1. Топпен таныстыру;
2. Тақырып таңдау арқылы мақал айту (Бір мақал-1 ұпай.)
Еңбек, білім,достық, отан,ата-ана, бала\;
3.«Кім зерек?» қате айтылған мақалды дұрыстау;
4.Мақалдың «Жалғасын тап»;
5. «Кім жылдам?» жұмбақ шешу;
6. Жаңылтпаш айтып жарысайық
( әр топқа үш жаңылпаштан беріледі,соны қайталау );
7. Өнерлерін көрсету (ән ,би, мәнерлеп оқу).
Сайысқа қатысқан ата – аналарға үлкен рахмет айта отырып, дендеріне саулық, шығармашылық табыс тілейміз.

